Жиында оқушылар шығармашылығынан мерекелік құттықтаулар болды. Мемлекеттік мерекенің маңызын түсу, рәміздерге құрмет көрсету - салтанатты жиынның негізгі мақсаты болды. Колледж директоры студенттер мен ұстаздарды Республика күнімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
Қазанның 20-да Ресей Федерациясында "Рубцов аграрлық-өнеркәсіптік техникумы" ӨМБКБМ «Үздік аспаз» атты өлкелік кәсіби шеберлік конкурс өтті. Аталған сайыста Ресей Федерациясының Алтай өлкесінен және біздің облысымыздан барлығы 5 білім беру ұйымының студенттері қатысты: "Индустрия-технология колледжі" КММ (Семей қ.), "Локтев технологиялық техникумы" ӨМБКБМ, "Волчиха политехникалық колледжі" ӨМБКБМ, "Егорьев кәсіптік білім білім беру лицейі" ӨМБКБМ, "Рубцов аграрлық-өнеркәсіптік техникумы" ӨМБКБМ. Конкурс нәтижесі бойынша колледжіміздің студенті Ефименко Юрий ГРАН-ПРИ иегері атанды!