Шығыс Қазақстан Облысы Білім Басқармасының «Индустрия-технология колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

+7 (7222) 42-47-07

+7 (7222) 42-45-99

+7 (7222)42-47-66

kguitksemey@mail.ru

Сұрақтар қалды ма? Біз сізбен хабарласамыз!

Іс-шаралар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалар апталығы аясында кітапханада «Адалдық кітапханасы» атты көрме өткізіліп, онымен колледж оқытушылары мен студенттері таныстырылды.

Іс-шара студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл дағдыларын қалыптастыру және насихаттау, адалдыққа, әдептілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу мақсатында өткізілді

22 наурызда көктемгі жаңару мерекесі, жаңа жылдың басталуы - Наурыз Мейрамы басталады, ол көктемгі күн мен түннің теңелген күніне сәйкес келеді, бұл махаббат, құнарлылық пен достықтың салтанат құрған мерекесі. Колледж кітапханасында Наурыз мерекесіне арналған көрме ұйымдастырылған.

Көрменің мақсаты - студенттердің патриоттық сезімдері мен толеранттылығын қалыптастыру, өз халқына, ата-бабаларының салт-дәстүрлеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН!

«БІР ЕЛ - БІР КІТАП» республикалық акциясы бір жыл бойы әр түрлі жастағы оқырмандардың жан дүниесінде жауап табуда.

Бұл жоба қазақ әдебиетінің шығармаларын насихаттауға, оқу мәдениетін қолдауға және дамытуға, жастарды ұлттық кітап қорының байлығымен таныстыруға, рухани-патриоттық тәрбиеге бағытталған.

2021 жылы аталған жоба шеңберінде жалпыхалықтық оқуға арналған шығармаларды таңдауда Қазақстан Республикасы Тәуілсіздігінің мерейтойына қарай орайластырылған «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына- 30 кітап» рухани-мәдениеттік акциясы ұсынылды.

Таңдалған 30 кітапқа шығысқазақстандық ақын-жазушылардың да шығармалары: Ұлықбек Есдәулеттің «Киіз кітап» өлеңдері, Марат Қабанбаевтың «Жиһангез Тити» және Толымбек Абдраимнің «Алабұға аулаған күн» әңгімелері енгенін мақтан тұта аламыз.

Акция аясында оқылған кітаптар адамгершілікке және жан тазалығына тәрбиелеуге үлес қосатын; үлкенге құрмет, ата-баба әдет-ғұрпын сыйлау сияқты баға жетпес дәстүрлердің мағынасын жаңғырта отырып, оқырмандар жүрегінен өз орнын табады деп сенеміз.

Сіздердің назарларыңызға «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына- 30 кітап» шығармаларының тізімін ұсынамыз.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында «Индустрия-технология колледжі» КММ кітапханасы «Менің Отаным - Қазақстан» атты кітап көрмесін ұсынады.

Көрменің мақсаты – Отанымыздың тарихына деген қызығушылықты дамыту, патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру, студенттердің рухани тәрбиесіне үлес қосу. Кітап көрмесінде оқырмандарға ел көшбасшысына, оның шығармашылығына арналған кітаптар, сондай-ақ Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы туралы кітаптар ұсынылды.

 Көрме колледж студенттері мен оқытушылары арасында үлкен қызығушылық тудырды.

Дәстүр бойынша колледж кітапханасында белгілі тұлғалардың мерейтойларына арналған көрмелер ұйымдастырылады. 2021 жылы  12 ақпанда  Тұңғыш Елбасының жұбайы Сара Назарбаева 80 жасқа толады.

Жаңалықтар
10.03.2023

Бұл әр қатысушының белсенділігін білдіретін оқиға арқылы ілгерілеу үшін ойыншыдан психикалық мәселелерді шешуді талап ететін шытырман оқиғалы ойын. Ойында тапқырлық таныту, есте сақтау қабілетін және зейінділігін жаттықтыру, белсенділігін көрсету керек.

Ойынға қатысқандар:

  1. Мейірбекұлы Қуанышбек
  2. Рахимов Жанат Жұмағалиұлы
  3. Жанғазин Серік Байғалиұлы
  4. Құлыбеков Әділет Секенұлы
  5. Токенов Рустам Көбейханұлы
  6. Мұқатаев Үсен Қабылбекұлы-9эл21к
  7. Берлешұлы Мұхит-9эл21к
  8. Манарбек Бекболат Нұрболатұлы-9сл20к

Квест-ойын барысында әр тағайындалған кезеңнен өтіп, сұрақтарға, жұмбақтарға жауап беріп, сөзжұмбақтарды шешіп, олар практикалық кезеңге жетті. Практикалық бөлімде олар сызбалар бойынша қалақ жасады. Квест ойыны толығымен және сәтті аяқталды. Қатысушыларға рахмет.

 

07.03.2023

 Семинар студенттердің өз бетінше ойлауын, шығармашылық белсенділігін дамыту мақсатында өткізілді. Студенттердің өз көзқарасын дәлелдей алу, сонымен қатар басқа пайымдауларды дәлелдеу және теріске шығару қабілеттерін арттыру.

Политика конфиденциальности
Рейтинг@Mail.ru