Абай Облысы  Білім Басқармасының «Индустрия-технология колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

+7 (7222) 42-47-07

+7 (7222) 42-45-99

+7 (7222)42-47-66

kguitksemey@mail.ru

Сұрақтар қалды ма? Біз сізбен хабарласамыз!

Хабарлама

Құрметті оқырмандар!

Колледж кітапханасы алуан түрлі әдебиеттерді сіздердің назарларыңызға ұсынады. Мамандыққа оқу барысында сіздерге түрлі оқулықтар қажет болады: ол жалпы білім беру пәндері (химия, фиизика, тарих және т.б.) оқулықтарынан бастап, арнайы пән (автомобиль құрылымы, логистика, аспаздық және т.б.) оқулықтарына дейін. Мұның барлығын сіздер біздің кітапханадан таба аласыздар.

Құрметті оқырмандар, сонымен қатар ғылымдағы соңғы жаңалықтардан хабар беретін ғылыми әдебиет те бізде бар. Көркем әдебиет бөлімінде қазіргі классиктердің, төл және шетел авторларының шығармалары ұсынылған.

Колледж кітапханасы өз қорын үнемі жаңартып және толықтырып тұрады.

Келіңдер, көріңдер, таңдаңдар- әркім өзіне керектіні еркін таба алады.

Құрметті  оқытушылар  мен  студенттер !!!

Колледж  кітапханасына жаңа, әдемі, танымдық  оқулықтар  жалпы  білім  беру  пәндері  бойынша  түсті.

Келіңдер, қараңдар, таңдап  алыңдар  -  бәрі  керемет !

Жаңа  оқулықтардың   бәрі   сендер  үшін !

Жаңа  түсім!    

Колледж  кітапханасына  жаңа  әдістемелік  әдебиеттер  келді.  НАО   TALAP  біліктілік   арттыру  курсы  тыңдаушылары    үшін  басшылық  шығарылымын  жасады. Барлық  оқытушыларды  курс  материалдарымен  танысу   үшін  кітапханаға  шақырамыз. 

Құрметті оқырмандар!

Мобильді  кітапхана  желісінде  электронды  және  аудиокітаптар, 450-ден  аса  кітап түрлері  сіздерге  ұсынылады. Оқуға  және  тыңдауға  өте  ыңғайлы. Осы  мобильді кітапханадан  онлайн  платформада  мына  сілтемеден   https://kitap.kz/audio-book   оқып,  уақыттарыңызды  тиімді  пайдаланыңыздар.

      

Жаңалықтар
28.09.2023

    Бірыңғай Пленарлық сессия

     Пленарлық сессия отырысында оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлы білім беру саласындағы биылғы жылы орын алған тың өзгерістермен таныстырып, педагогтер қауымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. «Ұлттық тәрбие – ел болашағы» тәрбиесінің тұжырымдамалық негіздері енгізілгенін баяндады. Вице-премьер Тамара Дүйсенова Білім беру саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі қатысушыларына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқыды.
Абай облысы әкімі Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Тамыз кеңесін ашып, «Оқуға құштар ұлт» тақырыбындағы Пленарлық отырысының жүргізілу тәртібімен таныстырды.
Абай облысында Тамыз кеңесінің пленарлық сессиясы Семей қаласындағы Абай атындағы театрында өтті. Отырысқа қатысушылардың жалпы саны -530.
Пленарлық сессия өз жұмысын өңірлік тамыз кеңестеріндегі сессиялық отырыстарда жалғастырды.
👇👇👇

22.08.2023


Усть-Каменорская көшесінен біздің колледжімізге дейінгі көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді!
Колледж ұжымы, студенттер және ата-аналар қауымынан @semey_akimdigi , @nurbol_nursagatov алғысымызды білдіреміз!

Политика конфиденциальности
Рейтинг@Mail.ru