Жаңалықтар
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай тарих пәнінің оқытушысы Дастанқызы А. жетекшілігімен студенттер арасында дөңгелек үстел өткізілді. Кездесуге Желтоқсаншы Әубәкірова Сұлушаш Жанибековна шақырылды.Шара барысында Сұлушаш Жанибековна 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы жайындағы бастан кешкен оқиғалары және естеліктерімен бөлісті.
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Колледж студенттері жас жеткіншектердің отаншылдық сезімін дамытуға тәрбиелейтін «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының мүшелегіне өтті.
Салтанатты шарада клуб белсенділері қатарларына қабылданған 10 студенттен ант қабылдады.
Ант беру рәсімінде жас сарбаздар Қазақстан Республикасы Конститутциясын сақтауға, Отанымызды қорғауға ант берді. Осылайша «Жас сарбаздың» жаңа құраммен толықұанына куә болдық.
Жиынға қатысушылар жас жеткіншектердің осындай клуб, үйірмелердің жұмысына белсене қатысуы олардың болашақта өз Отанын сүйетін патриот азамат болып қалыптасуына жол ашатынын алға тартып, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының жұмысына сәттілік тіледі