Сұрақ-жауаптар
Сәлеметсіздер ме құрметті талапкерлер және олардың ата-аналары!
ШҚО ББ Индустрия-технология колледжінің сайтына қош келдіңіздер! Біз колледжімізде оқуға қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап беруге тырысамыз.
- Колледжде қандай мамандықтар бойынша білім алуға болады?
Колледжде келесі мамандықтар бойынша оқуға болады:
- автослесарь (қосымша «автоэлектрик» біліктілігін алып шығады)
- автоэлектрик (қосымша «автослесарь» біліктілігін алып шығады»)
- электргазымен дәнекерлеуші
- жол-құрылыс машиналарының машинисі
- слесарь-жөндеуші (қосымша біліктілігі «тракторист-машинист»)
- аспаз (қосымша біліктілігі «кондитер»)
- Сіздерде оқу ақылы ма немесе тегін бе? Қандай топтар бюджеттік?
Индустрия-технология колледжі коммуналдық мемлекеттік мекеме (КММ) болып табылатындықтан, барлық топтарда оқыту мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Сондықтан колледжде барлық топтар "бюджеттік", оқыту толығымен тегін.
- Шәкіртақының мөлшері қанша? Оны кімдер алады?
2021-2022 оқу жылында шәкіртақы мөлшері 21787 теңгені құрайды. Оны барлық бірінші курс студенттері 1 қыркүйектен бастап бірінші семестр бойы алады, ал бірінші семестр аяқталғаннан кейін (қаңтар) стипендия үлгеріміне байланысты тағайындалады. Яғни, егер студент қандай-да бір пән бойынша "3" алса, онда стипендия осы семестрде алынып тасталады. Егер студент бағаларды түзетіп, ағымдағы семестрді оң бағаларға бітірсе, онда стипендия қайтадан тағайындалады. Сонымен қатар, колледжде Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы (НЖҚ) бойынша қаржыландырылатын топтар бар, мұнда стипендия студенттің үлгеріміне қарамастан барлық оқу кезеңі ішінде тұрақты төленеді.
- Студенттердің тамақтануымен байланысты мәселе қалай шешілуде, асхана бар ма?
Біздің студенттеріміздің барлығына ыстық түскі ас беріледі. Тегін. Біздің асханада дәмді түскі ас дайындалады.
- Колледжде жатақхана бар ма?
Колледждің өз жатақханасы жоқ, бірақ біз өзіміздің қаладан тыс жерлерден келген және ауыл студенттерін басқа мемлекеттік колледждердің жатақханаларына орналастырамыз.
- Колледжде жүргізуші куәлігін алуға бола ма??
Иә, автослесарьларды, автоэлектриктерді, ЖҚМ машинистерін, слесарь-жөндеушілерді оқыту бағдарламасында жеке жүргізу сағаттары қарастырылған және оқуды аяқтағаннан кейін студенттер емтихан тапсырып, В,С1 санатындағы жүргізуші куәлігін, тракторшы куәлігін ала алады. Оқыту тегін.
- Колледж қай жерде орналасқан? Оған қалай баруға болады?
Индустрия-технология колледжі – Семей қ, Декоративная көшесі, 26 мекенжайында орналасқан. 35, 20,56 автобустары жүреді. «Колледж», «6 Линия» аялдамалары (Восточный кенті ауданы)
- Колледжге түсу үшін қандай құжаттар қажет және оларды қашан тапсыруға болады:
4 құжат қажет:
- білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
- көлемі 3х4 см 4 дана фотосурет;
- № 075-У формалы медициналық анықтама
- жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын анықтау үшін).
Қабылдау комиссиясы өз жұмысын 25 маусымнан бастайды және 31 тамызда құжаттарды қабылдау аяқталады.
- Түсу емтихандары қандай пәндер бойынша?
Колледжде жұмысшы мамандықтары бойынша білім алатындықтан, білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес (ҚР БҒМ 18.10.2018 ж. №578 бұйрығы) түсу емтихандары қарастырылмаған. Оқуға қабылдау әңгімелесу негізінде жүргізіледі.
- Оқыту мерзімі мен тілі?
Колледжде 9 және 11 сынып негізінде оқиды. 9 сыныптан кейін оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай, 11 сыныптан кейін – 10 ай. Оқыту тілі қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Егер сіз толығырақ ақпарат алғыңыз келсе, бізге 42-47-07 (оқу меңгерушісі), 42-45-99(директордың қабылдау бөлмесі), 87478364853 WhatsApp (Светлана), 87752758784 WhatsApp (Маншук), 87476256884 WhatsApp (Айнур) телефондары бойынша хабарласа аласыз, сондай-ақ Инстаграмдағы директке жаза аласыз.