Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында egov.kz порталында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр («Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау» онлайн сауалнама сервисі).
Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.
Қазақстан халқы 1 мамырда Қазақстан халықтарының бірлігі күнін атап өтеді. Осы көктемгі мереке қарсаңында колледжде би флешмобы, әлем халықтарының музыкасы мен тағамдарын білуге арналған сауалнама ұйымдастырылды. Студенттер мен оқытушылар жақсы көңіл-күймен, жағымды эмоциямен сабақтарына кетті!